КОЛЛЕДЖ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТ
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы О.Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжi 37 жылдық тарихы бар облысымыздағы орта буын мамандарын дайындайтын, материалдық – техникалық базасы қамтылған, қазіргі заманға лайықты, көп бағдарлы оқу орындарының бірі.
Колледж өз қызметін 16 наурыз 1985 жылы Гурьев политехникалық техникумының филиалы негiзiнде бастаған.
Құрылған жылы оқу орнында оқыту күндізгі, сырттай және кешкі бөлімдерде үш мамандық бойынша жүргізілді:
1.0209-«Мұнай және газ скважиналарын бұрғылау»
2. 0210-« Мұнай және газ скважиналарын пайдалану»
3. 0303-«Кәсіпорындар мен өнеркәсіптің электр жабдықтары».
1986 жылғы 1 қыркүйекте техникумдағы білім алушылардың саны төмендегіні құрады:
күндізгі бөлімде -143 оқушы;
кешкі бөлімде -150 оқушы;
сырттай бөлімде -121 оқушы.
Техникум қиын жағдайларда құрылды. Техникум құрылған алғашқы жылдары сәйкесті материалдық-техникалық база құру қаржылық қиыншылықтарға байланысты болды. Әуелі физика және химия дәрісханалары мен зертханалары құрылып, безендірілді, арнаулы пәндер бойынша талапқа сай дәрісханалар мен зертханалар болған жоқ.
Техникум әкімшілігі мен педагогикалық ұжымының күш салуымен және шығармашылық потенциалының, «Өзенмұнайгаз» басқармасы, Бұрғылау жұмыстары басқармасы, Өзенэнергомұнай сияқты базалық кәсіпорындардың қаржылық демеуінің арқасында оқу орнының материалдық-техникалық базасы бірте-бірте нығая бастады.
Нарықтық экономиканың қарқынды өсуіне және Маңғыстау облысында мұнай және газ өнеркәсібі дамуы деңгейінің кеңеюіне байланысты орташа буынның жас мамандарын даярлау қажеттігі пайда болды.
Сондықтан болашақ мамандардың оқу ақысын жартылай немесе толық төлеу бойынша кәсіпорындармен келісім-шарттарға отыру негізінде 1989-90 оқу жылында оқу орнында тағы 5 мамандық ашылды:
1. 2505-« Мұнай және газдың технологиясы»;
2. 1710-«Өндірістік кәсіпорындардың жабдықтарын техникалық күту және жөндеу»;
3. 1712-«Мұнай және химия өнеркәсібі кәсіпорындарының жабдықтарын техникалық күту және жөндеу»;
4. 2203-«Технологиялық үрдістер мен өндірісті автоматтандыру»;
5. 0102-«Кәсіпорындардағы бухгалтерлік есеп және бақылау».
Қазақстан Республикасы Президентінің 1991 жылғы тамыздың 31-iндегі қаулысы негізінде Жаңаөзен мұнай техникумы; кейіннен Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгiнiң 11.12.1995 жылғы №132 бұйрығы бойынша Жаңаөзен мұнай және газ колледжi деп аталған.
1996-1997 оқу жылында колледж жанында 8 мамандық бойынша КТМ ашылды, оған Жаңаөзен мектептерінің 240 түлегі қабылданды. Оларды оқытуға қаржы қала әкімшілігінің арнайы шешімімен қаланың бюджет қорынан бөлінді.
ҚР Үкiметiнiң 21.04.1999 жылғы №441 қаулысымен Жаңаөзен мұнай және газ колледжiне Оразмағанбет Тұрмағанбетұлының есімі берiлген.
Колледж базасында кәсіптік білімнің мазмұнын одан әрі жетілдіру, оқу-тәрбие, өндірістік үрдісті әдістемелік қамтамасыз ету, орта кәсіптік білім беру оқу орындарының озық тәжірибесін оқып-зерттеу және тарату мақсатында ҚР Білім және ғылым министрлігінің 14.04.2000 жылғы №334 бұйрығы негізінде құрылған «Мұнай-газ ісі мамандықтары бойынша Республикалық оқу-әдістемелік бірлестік» жұмыс жасайды.
Сол жылдардан бері оқу орнының аты өзгерді, жаңа мүмкіндіктер мен жаңа міндеттер пайда болды.
Маңғыстау облысының білім басқармасы тарапынан колледж атауын Маңғыстау индустриалды – техникалық колледжі деп өзгерту туралы ұсыныс беріліп, Маңғыстау облысы әкімдігінің 05.06.2017 жылғы №140 қаулысына сәйкес мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын атауы О.Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжі деп өзгертілді.
Колледж бүгінде 14 мамандық бойынша: технологиялық жабдықтар мен құбырларды монтаждау, автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану, менеджмент, токарь; электр және электромеханикалық жабдықтарды жөндеу және пайдалану; фермер шаруашылығы, технологиялық үрдістер мен өндірісті автоматтандыру; ақпараттық жүйелер үшін кәсіби мамандар дайындап келеді.
Колледжге бiлiктi ұстаз, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері, «Үздік педагог-2013» республикалық конкурсының жеңімпазы, «Мұнай-газ ісі» мамандықтары бойынша республикалық оқу-әдістемелік бірлестіктің төрағасы Ускимбаев Танат Максимович басшылық етеді.
Колледжді 2015-2022 оқу жылдары ішінде 3592 орта буын маманы бітіріп шықты. Колледж 34 мамандық бойынша лицензияға және 43 біліктілік бойынша лицензияның қосымшасына ие.
Құрылған жылы |
16.03.1985 жылы |
Колледж басшысы |
Бекмағамбетов Далабай Оринбасарович |
Меншік түрі |
Мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорын |
Негізгі қызмет түрі |
Білім беру: күндізгі және сырттай білім беру |
Лицензиясы |
«Маңғыстау облыстық білім басқармасының «Оразмағанбет Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжі» МҚКК–на мерзімі шектелмеген № KZ89LAA00010239 29.04.2017ж. мемлекеттік лицензиясы берілген. |
ҚР Салық төлеу куәлігі |
ҚР Салық төлеу куәлігі 430700000995 серия 43 №0007327 санды 04.03.2009ж берілген. |
Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтама |
ҚР ӘМ Маңғыстау облысының әділет департаменті Жаңаөзен қаласының әділет басқармасы Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтама бизнес-сәйкестендіру нөмірі 011240000417. Алғашқы тіркеудің күні: 10.12.2001 ж Қайта тіркелген күні: 24.08.2017ж Берілген күні: 24.08.2017 жыл. |
Жарғысы |
Маңғыстау облысының білім басқармасының «О.Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжі» МКҚК Жарғысы ҚР Әділет Министрлігі, Маңғыстау облысының Әділет Департаменті, Жаңаөзен қаласының Әділет Басқармасының 24.08.2017 ж №114-1943-07 МКҚК куәлігі берілді (Алғашқы тіркелген күні: 20.12.2001 ж) |
Статистикалық карточкасы |
Статистикалық карточкасы 04.03.2009 жыл ҚҰЖС 39120631 |
Мекен жайы |
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, 130200 «Көктем» шағын ауданы, оқу ғимараты №9А. |
Байланыс телефондары |
Жұмыс телефоны: 8 (72934) 42-873; 42-855; 32-157. Электрондық адресі:jknig@mail.ru |
Мемлекеттік аттестациясы |
Маңғыстау облысы білім беру саласын бақылау департаментінің №115 –НҚ 22.05.2014 ж. бұйрығы негізінде мемлекеттік аттестаттаудан өтті. |
Аккредиттеу мәртебесі |
|
Студенттер саны |
996 студент (01.05.2022 ж. бойынша), оның ішінде 831 студент күндізгі білім беру түрінде, сырттай бөлімде 165 студент оқиды. |
Түлектер саны |
3592 студент (2015-2022 жж) |
Оқытушылар құрамы, марапатталуы |
67 оқытушы, оның ішінде: Жоғары санатты - 13 оқытушы; Бірінші санатты – 14 оқытушы; Екінші санатты – 13 оқытушы; Зерттеуші – 1 оқытушы; Сарапшы - 4 оқытушы; Модератор – 5 оқытушы. Жалпы 32 оқытушы жоғары және бірінші санатты, ол 48% құрайды. |
Оқу-материалдық базасы |
Колледждің оқу -материалдық базасында 3 оқу корпусы бар: Біріншісі, №1 корпус, 4 қабатты типтік оқу ғимараты. 1984 жылы пайдалануға берілген, «Көктем» шағын ауданында орналасқан. Жалпы алаңы: 2717,9 кв.м.; жобалық қуаттылығы: 400 орын. Екіншісі,№2 оқу корпусы, 5 қабатты типтік емес ғимарат. «Шұғыла» шағын ауданында орналасқан, бұрынғы спец. комендатура болған, 1970 жылы салынған, колледж базасына 1996 жылы пайдалануға берілген. Жалпы алаңы: 4027,5 кв.м., жобалық қуаттылығы: 1075 орын. Үшінші оқу ғимараты «Жастар»спорт залы. «Самал» шағын ауданында орналасқан 2 қабатты типтік ғимарат. 1970 жылы салынған. Жалпы алаңы: 411,0 кв.м.; жобалық қуаттылығы: 50 орын. Барлық оқу дәрісханалар мен зертханалары заманауи құралдармен жабдықталған, интернет желісіне қосылған. №1 және №2 оқу корпустарында барлығы 62 дәрісхана мен зертханалар бар, соның ішінде: Арнайы дәрісхана - 30, Жалпы білім беретін - 20, Зертханалар - 7, Шеберхана - 5. Кітапхана (32 орындық) – 1, Буфет (25 орындық) – 1. Асхана (50 орындық) – 1; Медпункт – 1, Акт зал (100 орындық) – 1. Компьютер дәрісханасы – 7. Компьютер саны – 264, интерактивті жабдықтар комплектісі – 44. №3 оқу корпусында спортзал – 1. |
Құрылымдық бөлімшелер
|
Бөлімдер – 6 ♦ Оқу бөлімі (күндізгі; сырттай) ♦ Оқу – өндірістік бөлімі ♦ Оқу – әдістемелік бөлімі ♦ Тәрбие бөлімі ♦ Ақпараттық технологиялар бөлімі ♦ Ресурстық орталық Пән бірлестіктері – 5 ♦ Жалпы білім беретін пәндер бірлестігі ♦ Жаратылыстану–математикалық және кәсіптік пәндер бірлестігі ♦ Ақпараттық технологиялар және әлеуметтік - экономикалық пәндер бірлестігі ♦ Энергетика және автоматтандыру пәндер бірлестігі ♦ Инженерлік - техникалық пәндер бірлестігі
Басқада құрылымдық бөлімшелер:
♦ Есеп бөлімі ♦ Мамандар бөлімі ♦ Қабылдау комиссиясы ♦ Кітапхана ♦ Психологиялық қызмет ♦ Медициналық қызмет ♦ Әкімшілік-шаруашылық бөлім ♦ «Жастар» ұйымы |
Колледж миссиясы: Жоғары деңгейлі теориялық және практикалық дағдылары, жоғары тұлғалық сапалары бар және Қазақстан Республикасының өндірістік потенциалы мен экономикасының деңгейін жаңа әлемде көтеруге және бәсекеге қабілетті орта буын мамандарын дайындау.